2025 жылғы 1 қазанда «Ұлы өнертабыстың алғашқы қадамы» республикалық инновациялық идеялар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты – оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеу және өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, сондай-ақ тұлғаның шығармашылық құзыреттерін дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Конкурс қашықтық форматында ұйымдастырылды.
Облыстық кезеңге аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары болып табылатын 30 оқушы қатысты. Конкурс 7 номинация бойынша өтті. Осакаров ауданынан үш команда қатысты.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды:
•«Автокөлік модельдерін техникалық жобалау»
I орын – Лейнганг Давид, Райкова Яна, КММ «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» (жетекшісі – Пак А.В.);
•«Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын техникалық жобалау»
III орын – Қайрола Ерхат, КМКҚ «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығы (жетекшісі – Халхаман Б.);
•«Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы
III орын – Кремляков Максим, КМКҚ «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығы (жетекшісі – Пак А.В.).
Жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және оқушыларға алдағы уақытта табыс тілейміз!