2025 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «No6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Адал азамат» бірыңғай ұлттық білім беру бағдарламасы аясында,7-11 сынып оқушылары арасында күзгі әскерге шақыру науқанымен қатар «Отан қорғаушылардың идеялық негізі – тәуелсіздік үшін күресіміздің іргетасы» тақырыбында «Ерлік сабағы» өткізілді.Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік, оның батырларын құрметтеу, Отанды қорғауға дайын болу.с-шараға құрметті қонақтар шақырылды: Осакаров ауданы прокуратурасының прокуроры Мәулетов Ерғали Ғалиханұлы, Осакаров аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрсейітов Шыңғыс Оралұлы,Осакаров аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Герега Владимир Сергеевич, Осакаров аудандық ОП-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Вадим Магомедхабибович Иманалиев.