📢 «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы

📢 «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы

Бүгін «Адал азамат» тақырыбында Zoom-платформасында республикалық деңгейде маңызды брифинг өтті. Кездесуде отбасы, мектеп және қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жаңа тәрбие моделінің негізгі бағыттары талқыланды.

Спикерлер:
▫️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы;
▫️ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.

Жаңа бағдарлама – жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сынды қасиеттерді қалыптастыруға, ата-ана, мектеп пен қоғамның бірлесе жұмыс істеуіне бағытталған маңызды қадам болып табылады.