«АМАNАТ» партиясының аудандық филиалы «Баланы мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция аясында 10-ға жуық отбасына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары табысталды.
Іс-шараға «АМАNАТ» партиясы филиалының төрағасы А.Т.Қаспақов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Қ.Саққұлақов, партия хатшылары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты.