
«Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ 2025 жылғы жазғы кезеңдегі мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру жұмыстарының басталғанын хабарлайды.
05 тамыз күні сағат 07:00-де 2–3, 3–4, 4–5 жас (2023–2020 ж.т.) және басқа жас топтары бойынша барлық бос орындар жарияланады.
Барлық орындар INDIGO.KZ порталында қолжетімді болады.
Жолдама алғаннан кейін жеңілдікті растау үшін:
– әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары және педагогтер – жұмыс орнынан анықтама,
– көпбалалы немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар – жеңілдікті растайтын құжаттарды
білім бөліміне тапсыру қажет (мекенжайы: Осакаровка кенті, Воронина көшесі, 3А).
Естеріңізге саламыз, ережеге сәйкес алғашқы үш жұмыс күнінде орындар тек басымдық санатындағы кезектегі балаларға ұсынылады.
Үш күннен кейін, яғни 08 тамыз күні сағат 07:00-де барлық кезектегі балалар үшін орындар жалпы қолжетімді болады.