Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Онлайн-кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Онлайн-кеңес

2025 жылғы 20 шілдеде Қарағанды облысы білім басқармасының "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әдіскері Бекмурзина А.М. Zoom платформасында мектеп басшыларымен және мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандармен онлайн кеңес өткізді. Кеңесте "Балаларды 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру" және "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекелеген санаттағы тәрбиеленушілері мен білім алушылары үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін құжаттарды рәсімдеу" мәселелері қаралды. Қатысушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық алгоритмі мен өзекті ақпарат түсіндірілді.