Балалардың жазғы демалысы жалғасуда!

Балалардың жазғы демалысы жалғасуда!

 

2025 жылдың 16 маусымы мен 24 маусымы аралығында Осакаров ауданының 31 мектебінен 110 оқушы Алматы қаласы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан “Baqsy” емдік-сауықтыру лагеріне барып демалуда.

Бұл мүмкіндік «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен берілген тегін жолдамалар арқылы жүзеге асырылып отыр.

Балалар тек тынығып қана қоймай, денсаулықтарын нығайтып, жаңа достар тауып, ұмытылмас әсерлерге бөленуде!