"№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимылы

"№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимылы

2025 жылғы 11 маусымда инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын өткізу шеңберінде "А. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ базасында "№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі ұсынылды.
Іс-шараны өткізу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды, атап айтқанда: оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру.
Семинар соңында қонақтар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға мазмұнды іс-шара үшін алғыстарын білдірді.