Ағымдағы жылдың 7 маусымында Өзбекстан республикасының астанасы Ташкентте өткен “Золотой Кубок Шахрезады 2025” атты байқауына “Балалар өнер мектебінің” хореография бөлімінің үлкен және кіші топтары, вокал бөлімі қатысып, жүлделі орындарға ие бола отырып, ақшалай 100000 сум қаржылай марапатталды. Сонымен қатар “Халықаралық ең үздік оқытушы” медалімен марапатталды.
Үлкен хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде;
Орта хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде оқытушысы Байжанова Гулбану Маркабаевна;
Еркінқызы Аружан 11-13 жас санаты бойынша бас жүлде иегері атанды, оқытушысы Аманбала Сержан.
Жеңімпаз оқушыларымызбен талапшыл оқытушыларымыз көп болғай!
Жеңістеріңіз құтты болсын!