
Оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Zoom платформасы арқылы кең көлемді онлайн жиналыс өткізілді. Жиналысқа Осакаров ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асташова С.Ф., аудандағы 31 мектеп директоры, сондай-ақ мектеп асханаларының жалға алушылары қатысты.
Кездесу барысында жазғы кезеңде мектептер мен асханаларда санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, тазалық пен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, балалардың денсаулығына зиян келтіретін жағдайларға жол бермеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тамақтану сапасын арттыру, тағам өнімдерін сақтау шарттары, асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту тәртібі сынды маңызды жайттарға ерекше көңіл бөлінді.
Жиын қорытындысы бойынша барлық білім беру ұйымдарына жазғы демалыс барысында балалардың денсаулығын қорғау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.