
2025 жылғы 01 сәуірінде Нұра ауданы әкімінің орынбасары С.Муканованың төралығымен ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. Кездесуде «Дефектологтың түзету-дамыту процесіндегі рөлі: ата-аналар қалай серіктес бола алады» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурс орталығы) дефектологі Арынова С.Е. сөйлеу, ойлау, моторика, әлеуметтік бейімделу сияқты дамудың әртүрлі бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету және баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның әлеуметтенуіне көмектесу туралы нұсқаулықтар берді.
«Нейрогимнастика баланың сөйлеуін дамытудың кілті» тақырыбында Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ дефектолог-логопеді Чурбакова Л.В. сөйлеу процестерімен тікелей байланысты ойлауды, зейінді және есте сақтауды дамытуға бағытталған мобильді және интеллектуалды тапсырмалар және
жаттығулардың түрлерімен таныстырды.Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан ПМПК өту кезеңдері, мамандардың жұмыс жасауына байланысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.