
2026 жылғы 23 қыркүйекте «Нұра ауданының білім бөлімі» жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары, оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен бөлім басшысы Такишев Д.Ж кезекті кеңес отырысын өткізді.
Кеңес барысында білім беру ұйымдарының қызметіндегі өзекті мәселелер қаралды.
🔹 Мектептердегі қауіпсіздік мәселелері.
Қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары талқыланды.
Баяндамашылар: инженер Аханов А.К., әдіскер Қасенова Г.Б.
🔹 Педагогтер мен басшы кадрларды аттестаттау қорытындылары.
Аттестаттау нәтижелері сараланып, анықталған мәселелер мен алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.
Баяндамашылар: әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С., әдіскер Каирбекова А.М.
🔹 Психобелсенді заттар мен нашақорлықтың алдын алу.
Кәмелетке толмағандар арасында психобелсенді заттарды қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бағытында білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Баяндамашы: әдіскер Мылтыкбаева А.Г.
🔹 Әртүрлі мәселелер.
Білім беру платформаларын тиімді пайдалану және «Білімал» электрондық журналын жүргізу бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына анықталған мәселелерді назарға алып, тиісті бағыттар бойынша жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.