
Кеңес барысында *2026–2027 оқу жылына дайындық, білім сапасы, ҰБТ нәтижелері, педагогтерді аттестаттау, түлектердің одан әрі білім алуы мен жұмыспен қамтылуы* мәселелері жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, *«Мектепке жол» акциясының, мектеп жанындағы лагерьлер байқауының және *«Жасыл аула – жарқын болашақ»** байқауының қорытындылары талқыланды.
🔹 Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша аудандық мониторинг нәтижелері сараланып, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған міндеттер белгіленді.
🔹 *2025–2026 оқу жылындағы білім сапасы мен ҰБТ нәтижелеріне* талдау жасалып, білім сапасын арттырудың басым бағыттары айқындалды.
🔹 *Педагогтерді аттестаттау қорытындылары* қаралып, қол жеткізілген нәтижелермен қатар, жиі кездесетін қателер мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.
🔹 9 және 11-сынып түлектерінің *одан әрі білім алуы мен жұмыспен қамтылуы* бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
🔹 Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсету және білім беру ұйымдарының аумақтарын абаттандыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелері қорытындыланды.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша Нұра ауданының білім бөлімі басшысы Такишев Д.Ж *2026–2027 оқу жылына арналған нақты міндеттер мен басым бағыттар белгіленіп*, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
*Жаңа оқу жылын сапалы бастау – ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың нәтижесі!*
#НұраАуданы
#БілімБөлімі
#КеңесОтырысы
#ЖаңаОқуЖылы
#БілімСапасы
#Педагог
#ҰБТ
#МектепкеЖол
#ЖасылАулаЖарқынБолашақ