
Конференция барысында білім беру саласындағы жаңашылдықтар, заманауи оқыту әдістері, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды.
Пән мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, тың идеяларымен бөлісті. Осындай кәсіби кездесулер – ұстаздардың біліктілігін арттырып, шығармашылық ізденісіне жаңа серпін беретін маңызды алаң.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ізденісіміз бен еңбегіміз жемісті болсын! 📚✨