
✏️📏Құрметті ата-аналар және ауыл тұрғындары!
1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
🖊️Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу.
📂Акция аясында мектеп формасы, аяқ киім, мектеп сөмкесі және кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек қабылданады.
Қайырымдылық жасауға ниет білдірген азаматтарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ игілігіміз.
📨«Жақсылық жаса – мектепке жол аш!»
Бұл акция жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп, әлеуметтік осал санаттағы балаларды мектепке дайындауға бағытталған.
Байланыс:
8 72144 22640 - Қабылдау бөлмесі
+7 705 634 6998 - Ахметова Г. С.
+7 700 575 7435 - Жукушева А. С.