Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мылтықбайұлы «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті.

Нұра ауданының әкімі Бақытжан  Мылтықбайұлы «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы түлектерді мектепті үздік аяқтауларымен құттықтап, олардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысына жоғары баға берді. «Алтын белгі» иегерлері – білім мен еңбектің, мақсаткерлік пен жауапкершіліктің үлгісі. Олардың жетістіктері ауданымыздың білім саласындағы нәтижелі жұмысының көрсеткіші болып табылады.
Кездесу соңында аудан әкімі түлектерге сәттілік тілеп, ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуларына сенім білдірді.

Жас түлектерімізге жарқын болашақ, жоғары жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!

#НұраАуданы #АлтынБелгі