
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға демеушілік көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлаған "Шубарколь Премиум" АҚ-ның басшысы Нурлан Алияровичке шын жүректен алғыс білдіреміз.Балалардың жүзіне күлкі ұялату — ең ізгі іс. Сіздің қолдауыңыздың арқасында бүлдіршіндеріміз нағыз ертегі әлеміне еніп, ұмытылмас әсер алды. Өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағына қосқан үлесіңіз біз үшін өте бағалы.Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, сарқылмас энергия, отбасылық амандық және кәсіби табыс тілейміз. Сәбилерге мейірім төккен ақ ниетіңіз еселеніп қайтсын!Ізгі ниетпен, Нұра ауданы білім бөлімі