📝 Қамқорлықтағы тұлғаның деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру

📝 Қамқорлықтағы тұлғаның деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру

🏡 Бұл қадам orken.otbasybank.kz порталындағы деректердің дұрыс есепке алынуы мен тексерілуі үшін маңызды.

🔷 Неліктен келісім қажет?

Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жеке деректерді жинау және өңдеу тек деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.

👥 Қамқорлықтағы тұлға келісім бере алмайтындықтан, оны оның заңды өкілі (опекун) қол қояды.

🔷 Қандай мәліметтер жиналады?

Порталда деректерді дұрыс жүргізу үшін жүйе қамқорлықтағы тұлға және оның заңды өкілі туралы негізгі ақпаратты сұратады.
Бұл мәліметтер жеке тұлғаны сәйкестендіру, мәртебесін растау және сервистің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

❗️Жиналған деректер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

🔑 Келісімді қалай беру керек:

1️⃣ Компьютерде браузерді ашып, сайтқа кіріңіз: orken.otbasybank.kz
2️⃣ Басты беттегі «Кіру» батырмасын басып, қамқоршының ЭЦҚ-сы арқылы жүйеге кіріңіз
3️⃣ Жеке кабинеттен «Қамқорлықтағы балалар» / «Қамқорлықтағы тұлғалар» бөлімін таңдаңыз
4️⃣ «Қамқорлықтағыны қосу» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді енгізіп, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз
5️⃣ Алдымен заңды өкілдің деректерін жинауға және өңдеуге келісімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, «Жіберу» батырмасын басыңыз
6️⃣ Жүйеден жауап келгенше күтіңіз
7️⃣ Жауап алғаннан кейін қамқорлықтағы тұлғаның деректерін жинауға және өңдеуге келісімді ЭЦҚ арқылы қол қойып, «Жіберу» батырмасын басыңыз

☑️ Дайын! Барлығы онлайн — жылдам және ыңғайлы!

https://youtube.com/shorts/vSGGbiVepnk

https://youtube.com/shorts/U3sH8NcDuV0

https://youtube.com/shorts/WhTwK1cH9pg

https://youtube.com/shorts/3qjXUc2b2Tc

https://youtube.com/shorts/ggMrcIg9JlE