ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Clever-2026» олимпиадасының облыстық кезеңі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Clever-2026» олимпиадасының облыстық кезеңі
 2026 жылдың 05 мамырында Қарағанды қаласында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының  жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткен «Clever-2026» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. 4,5,6 сынып оқушылары арасында, қазақ тілі мен әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі, орыс тілі мен әдебиет, математика, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру және оларды қолдау үшін, қажетті жағдайлар жасау.
Олимпиадаға  16  оқушы қатысып, оның  ІІ,  ІІІ дәрежелі жүлделі орындарға ие болды.
        ЖҮЛДЕГЕРЛЕР: 
1) Шахов Константин- Ы.Алтынсарин атындағы ТМ (РО)  6 сынып оқушысы, оқыту тілі орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні 2 орын. Жетекшісі: Оспанова Айгуль Толегеновна
2) Мохова Мирослава - Ы.Алтынсарин атындағы ТМ (РО)  4 сынып оқушысы, оқыту тілі орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні 3 орын. Жетекшісі: Сагимбекова Ляззат Жангельдиновна
3) Хамит Інжу- К.Мыңбаев атындағы ЖББМ 6 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиет пәндері 3 орын.  Жетекшісі: Шахметова Айнур Кашкынбаевна
4) Думан Айым -М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 4 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиет пәндері 3 орын. Жетекшісі: Абишева Каракоз Муратовна 
5) Капашов Алишер -Ы.Алтынсарин атындағы ТМ (РО) 6 сынып оқушысы, математика пәні 3 орын. Жетекшісі: Искакова Салтанат Досболовна
6) Нұрмұхан Дәрия - Ы.Алтынсарин атындағы ТМ (РО) 6 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиет пәндері 3 орын. Жетекшісі: Аубакирова Гаухар Задиновна
Бұл жеңіс – табандылық пен білімге деген құштарлықтың, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт еңбегінің жарқын нәтижесі.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! 🎉📚