Абай мұрасы – халық қазынасы!

Абай мұрасы – халық қазынасы!

Ұлы ақынның тағылымы — жас ұрпаққа өнеге. Бүгін, 29 сәуір күні Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Абай оқуларының» аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани қазынасы мен әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Сайыс 5 номинация бойынша өтті: «Абайдың асыл мұрасы», «Абайдың ақын шәкірттері»,«Әнді сүйсең менше сүй»,«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»,«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» Қатысушылар Абайдың асыл мұрасын, оның шәкірттерінің шығармаларын нақышына келтіріп оқып, ән мен сөз өнеріндегі ұлы тұлғаның бейнесін асқақтата білді

Сайыстың жеңімпаздары:

 «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша:

 I орын — Ныгман Мағжан (Байтуған ЖББМ)

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша:

 I орын — Ережепова Жанерке (А.Асылбеков ат. ЖББМ)

«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша:

I орын — Ербокен Жанибек (М.Дулатұлы ат. ЖББМ)

II орын — Толықбаев Досжан (М.Дулатұлы ат. ЖББМ)

III орын — Кенжебек Нұрай (Байтуған ЖББМ)

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, ал жүлдегерлерге облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Абайдың өшпес мұрасы жастарымыздың жадында жаңғыра берсін! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық биіктеріңіз аласармасын, жас дарындар!