
Аталған олимпиадада Нұра ауданынан 10 оқушы қатысты: оның ішінде 5 оқушы – 3-сыныптан, 5 оқушы – 4-сыныптан.
Олимпиада қорытындысы бойынша аудан оқушылары жоғары нәтижелер көрсетті:
II орын — «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РЦ)» КММ 4-сынып оқушысы Нұрбекұлы Қасым;
III орын — «Карой орта мектебі» КММ оқушысы Амангелді Ыдырыс.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — оқушылардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздардың сапалы еңбегінің нәтижесі.
Оқушыларды дайындаған сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!