
Нұра ауданында үлкен білім мерекесі! «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы қадамы жасалды. Мектепішілік кезеңге білек сыбана кіріскен жас өрен бүгін нағыз зияткерлік доданың көркін қыздыруда. Бұл дода — жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен рухани байлықты арттыруды көздейді. Байқауға аудан бойынша 6-10 сынып аралығындағы: қазақ лигасынан және орыс лигасынан 900-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің оқу сауаттылығы мен білімдерін сарапқа салуда. Кітап — сарқылмас қазына. Ең үздік, ең көп оқитын оқушылар келесі кезеңге жолдама алады. Осыншама оқушының кітапқа деген құштарлығы — еліміздің жарқын болашағының кепілі. Әрбір парақталған бет — жаңа мүмкіндік пен жаңа әлем. Қатысушыларға шабыт пен жеңіс тілейміз! Сендер нағыз чемпионсыңдар! Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!