
Бүгін, 2026 жылдың 18 наурызында, Қарағанды қаласында өткен "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде Нұра ауданының 5 оқушысы жүлделі орындарға ие болды!
-Абильдина Нұрдана, Нұра жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, 1-ші орынды жеңіп алып, республикалық олимпиадаға жолдама алды!
-Разакова Сания, М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы және Бочарова Яна, Қ.Шайменов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы 2-ші орынға ие болды.
- Ертуар Бердешов Нұра жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы 3-ші орынды жеңіп алды.
Барлық қатысушыларымызды құттықтаймыз! Бұл жетістік – барлығымыз үшін үлкен мақтаныш.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар, өздеріңізге қомақты еңбек пен табыс тілейміз!