
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтап, оларды қолдау және зияткерлік әлеуетін шыңдау.
Аудан мектептерінен қатысқан оқушылар теориялық және практикалық тапсырмалар орындап, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Қатысушылар күрделі есептерді шешу барысында терең білімін, аналитикалық ойлауын және уақытты тиімді пайдалану дағдыларын дәлелдеді.