Биология пәні мұғалімдеріне арналган облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі

Биология пәні мұғалімдеріне арналган облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні биология пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиада Ыбырай Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (РО) базасында ұйымдастырылды.
Білім сайысына аудан бойынша 14 педагог қатысып, кәсіби шеберліктері мен пәндік білім деңгейлерін көрсетті. Қатысушылар теориялық білімдерін тереңдетумен қатар, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру, тәжірибелік тапсырмаларды орындау және педагогикалық құзыреттіліктерін таныту бағытында сынға түсті.
Олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және биология пәнін оқыту сапасын арттыру.
Аудандық кезең қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен педагогтер облыстық кезеңге жолдама алады.
Қатысушыларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және алдағы сындарда сәттілік тілейміз!