
Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні 5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада Ыбырай Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (РО) базасында ұйымдастырылды.
Аталған білім сайысына аудан бойынша іріктеліп келген дарынды оқушылар қатысып, өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін сынға салды. Олимпиада барысында қатысушылар пәндік білім деңгейін, логикалық ойлауын, шығармашылық және талдау дағдыларын көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Облыстық кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, академиялық адалдық қағидалары толық сақталды.
Қатысушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алдағы білім белестерінде толағай табыс тілейміз!