Нұра ауданындағы барлық мектептерде «Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы ұйымдастырылды

Нұра ауданындағы барлық мектептерде «Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы ұйымдастырылды

2026 жылдың 9–13 ақпан аралығында Нұра ауданындағы барлық мектептерде «Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
Аптаның ұраны – «Цифрлық сауаттылықтан – цифрлық жасампаздыққа!»
Апталық аясында түрлі байқаулар, шеберлік сағаттары, ашық сабақтар, цифрлық жобалар көрмесі, киберқауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстары және интерактивті сайыстар өткізілді.
Іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, цифрлық ортада жауапты әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.