
2026 жылдың 30 қаңтар күні аудан көлемінде «Жылдамдықта оқ ату» атты аудандық жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Жарыстың мақсаты:
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және әскери қызметке даярлық деңгейін арттыру.
Жарыс барысында қатысушылар оқ ату шеберлігімен қатар жылдамдық, жинақылық және дәлдік қабілеттерін көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына, қарумен жұмыс жасау мәдениетіне және нәтижелердің нақтылығына ерекше назар аударды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас пен салауатты бәсекелестік қалыптасты.
Командалық есеп қорытындысы бойынша:
I орын – Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ
II орын – Р.Асубаев атындағы ЖББМ
III орын – К.Мыңбаев атындағы ЖББМ
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда биік жетістіктер тілейміз!