
Білім беру саласында кезекті айтулы жетістік. Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлеріне арналған VIII Халықаралық IMPACT OLYMPIAD ашық шығармашылық конкурсының республикалық кезеңінде әріптесіміз Азаматұлы Жасұлан жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі 3 орынға ие болды.
Осынау маңызды жеңіске орай Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденей Жасұлан Азаматұлын арнайы құттықтады. Ол ұстаздың білім беру саласындағы адал қызметі мен дарынды оқушыларды тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, құрмет белгісі ретінде Алғыс хат пен 300 000 теңге сертификатын салтанатты түрде табыс етті.
Бұл беделді марапат — ұстаздың терең интеллектуалдық әлеуеті мен заманауи ғылымды меңгерудегі жоғары біліктілігінің айқын жемісі. Білім саласындағы беделін асқақтатып, кәсіби биіктен көрінген Жасұлан Азаматұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!