2025 жылғы 01-15 желтоқсан аралығында барлық мектептер мен колледжлерде «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойын ұйымдастырылды

2025 жылғы 01-15 желтоқсан аралығында барлық мектептер мен колледжлерде «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойын ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департамент Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агентігімен бірлесіп, 2025 жылғы 01-15 желтоқсан аралығында барлық мектептер мен колледжлерде «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойын ұйымдастырылды.
Нұра ауданының оқушылары аталған іс- шараға белсенділік танытып, облыс көлемінде үш оқушымыз үздік деп танылды, олар Рахим Рамазан- Кәрім Мыңбаев атындағы ЖББМ, Русол Роман- Уалиханов атындағы ЖББМ, Әзімбай Інжу- Асылбеков атындағы ЖББМ оқушылары. Мұғалімдері Бижан Айжан Амангелдіқызы, Горбачева Алина Александровна, Абаева Кулшат Мырзабековна.
Аталған оқушыларымызды Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы Дархан Жанболатович Такишев арнайы құттықтап Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агентігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.