Нұра ауданының білім бөлімі жанындағы кеңес отырысы

Нұра ауданының білім бөлімі жанындағы кеңес отырысы

📌 Аудандық білім беру саласындағы I жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды

Аудандық білім бөлімінің Кеңесінде 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығындағы білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жасалды.

Кеңес отырысында білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері, олардың динамикасы мен проблемалық бағыттары қаралып, басқарушылық шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аудан оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу қорытындылары талданып, нәтижелілікті арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың барысы мен аралық нәтижелері, туындап отырған мәселелер де назардан тыс қалмады. Білім беру ұйымдарында іске асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары, аралық нәтижелері мен алдағы міндеттері талқыланды.

Сонымен қатар, ауданның білім беру ұйымдары желісін оңтайландыру бойынша жоспарлар, іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардың (бейінді сыныптар, ШСУЗ, шағын жинақты мектептер) тиімділігі қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді шешуге, білім сапасын арттыруға және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар белгіленді.

📚 Білім сапасы – басты басымдық!