
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымыз үшін тәжірибе мен табысқа, жаңа белестер мен жауапты міндеттерге толы болды. Бірлесе атқарған еңбегіміздің арқасында көптеген игі істер жүзеге асып, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіздік.
Жаңа жыл баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, береке-бірлік пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Әр күніңіз қуанышқа, әр бастамаңыз сәттілікке толы болсын!
Алдағы жылы да бірлігіміз бекем болып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек ете берейік!
Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Дархан Такишев
Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы