«Жаңа Жыл — Республика төрінде» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Республикалық жаңа жылдық шырша мерекесі

«Жаңа Жыл — Республика төрінде» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Республикалық жаңа жылдық шырша мерекесі

2025 жылғы 24 желтоқсан күні Астана қаласында «Жаңа Жыл — Республика төрінде» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Республикалық жаңа жылдық шырша мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік шара екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде түрлі станциялар бойынша қызықты цифрлы шоу ұсынылса, екінші бөлімде балалар назарына жаңа жылдық театрландырылған қойылым көрсетілді.

Бұл айтулы шараға Қарағанды облысы атынан іріктелген, оқу озаты, шығармашыл және жан-жақты дамыған 5 дарынды оқушы қатысты. Шара балалардың есінде ерекше әсермен сақталып, жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мемлекет басшысының атынан барлық қатысушы оқушыларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер тарту етіліп, олардың білімге, шығармашылыққа және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Балалардың қуанышты сәттері мен жарқын жүздері — ел болашағына сенімнің белгісі.