"Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі" аудандық форумы өткізілді

"Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі" аудандық форумы өткізілді

Бүгін 2025 жылдың 18 қарашада Нұра ауданыныда Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебінде (РО) Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің және жергілікті атқарушы органдардың, ауданның білім беру ұйымдарының және ата - аналар комитеттерінің қатысуымен Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі" аудандық форумы өткізілді.

Оқушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта ұйымдастыру мақсатында іс-шараға келесі қатысушылар болды:
1. Нұра ауданы әкімінің орынбасары Муканова Салтанат Аққошқаровна
2. Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Киселёва Ирина
Болеслаловна
3.Нұра ауданы прокуратурасының аға прокуроры 1-сыныпты заңгер Дулатов
Алмаз Дулатович
4.Нұра ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары, майор полиции Рамазанұлы Нарлан
5.Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатович
Ата-аналар назарына М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның құқықтық жұмысы мен Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебінің психологиялық-педагогикалық қызметі бойынша бейнероликтер ұсынылды.
Осыған қоса Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі И. Б. Киселеваның ауданның білім беру ұйымдары оқушыларының-балалар өкілдіктерінің және мектеп өзін-өзі басқару органдарының мүшелерімен «"Жастар форумы: құқықтар, жауапкершілік, құрмет"» атты кездесу ұйымдастырылды.
И. Б. Киселева оқушылармен сұрақ-жауап диалог-әңгіме өткізді. барлық қатысушыларға балаларды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар берілді.
Қарағанды қаласының №1 гимназиясының директоры Шнель Татьяна Ивановна және оның мектеп Өзін-өзі басқару оқушылары оқушының Ар-намыс кодексі бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті, аудан мектептерінің оқушыларымен викториналар мен топтық ойындар өткізді, белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталды
Сондай-ақ, Дүниежүзілік балалар күніне орай 15-25 қараша аралығында Республикалық онкүндік ұйымдастыру және өткізу тұжырымдамасы негізінде "Менің құқықтарым" 5-9 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін үздік білуге арналған аудандық шығармашылық сурет ұйымдастырылды.
Барлығы ата-аналар қауымдастығы мен білім беру ұйымдарының әкімшіліктерінен 80 адам қамтылды, оқушылар арасында 60 бала қамтылды.