
Нұра ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп- гимназия төрінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық «Ақыл, Қайрат, жүректі бірдей ұста» байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқауға ережеге сай 5-11 сынып оқушылары қамтылды. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мемлекеттік тілде және оның орыс тіліндегі аудармаларын жатқа орындады. Байқау екі номинация бойынша өтті: «Көркес сөз шебері», «Даналық үні-қара сөз». Қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтап, бірінші жүлделі орынға ие болған оқушылар облыстық байқауға жолдама берілді:
«Көркем сөз» номинациясы бойынша:
1 орын: Әбілда Мөлдір Нұра ЖББМ 6 сынып оқушысы,
1 орын: Тасқын Еділ Р.Асубаев атындағы ЖББМ 5 сынып,
1 орын: Жукова Александра Р.Асубаев атындағы ЖББМ 6 сынып,
2 орын: Сәмет Еркеназ Байтуған ЖББМ 7 сынып,
2 орын: Есмаганбетова А. Қарой ЖББМ 5 сынып,
3 орын: Ергали Аллаберген Р.Асубаев атындағы ЖББМ 7 сынып,
3 орын: Қабай Інжу Нұра ЖББМ 5 сынып.
«Даналық үні-қара сөз» номинациясы бойынша:
2 орын: Боранкулова Жанар Қарой ЖББМ 9 сынып оқушысы,
2 орын: Қанатов Радмир Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектептің 10 сынып,
3 орын: Тасболатова Наргиза М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 10 сынып;
3 орын: Аскар Аружан С.Сейфуллин атындағы ЖББМ 10 сынып,
3 орын: Бегалы Перизат М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 10 сынып