Мектептегі тамақтану туралы ақпарат

Мектептегі тамақтану туралы ақпарат

Нұра ауданы бойынша мектептер саны - 29. Ондағы бала саны  3523 оқушы.

Ыстық тамақ ұйымдастырылған мектеп саны-26 (оның ішінде ауыл мектептері -26). 1-4 сыныптағы оқушы саны -1438. Ыстық тамақпен 1412 бала және 26 бала буфеттік тамақпен тамақтанады. 5-11 сынып аралығындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жанұяларынан шыққан балалар саны – 189.

Асханалары жоқ мектептер саны – 0

Буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған мектептер саны- 4 (оның ішінде бастауыш-4).

Ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1-4 сынып оқушыларына 2025 жылы 139,3 млн теңге және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жанұяларынан шыққан балаларға 21,1 млн.теңге бөлінді.

Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 21 асханасында және 1 буфетте 1 кәсіпкер ЖК «Алимжанов Е» жұмыс жасайды, қалған 8 мектепте оның ішінде 5 асхана және 3 буфеттік тамақтануды білім бөлімімен тауарларды сатып алу арқылы азық-түліктер жеткізіледі, себебі бұл өңірлерге конкурс нәтижесі бойынша кәсіпкерлер шыққан жоқ.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында аудан бойынша 27.08.2024 ж. № 384 бұйрығына сәйкес, тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды. Комиссия құрамына жеке кәсіпкерлер, «AMANAT» партиясының мамандары,  мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, Орталық аурухана мамандары бекітілді.

Барлық асхана мен буфеттерде санитариялық-эпидимиологиялық қорытынды бар.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
бұйрығының 64-тармағына сәйкес, жұмысты ұйымдастыру үшін міндетті бір реттік ыстық тамақпен қамтылатын маусымдық төрт апталық перспективалық мәзірді жолданды, осы мәзір бойынша аудан мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда.

Бүгінгі күні eGov Mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы 30 мектепте тегін тамақ беру бойынша жоба іске қосылды. Жоба ата-аналарға қызметті белсенді түрде алуға, мектеп асханаларында балалардың қатысуын бақылауға және әлеуметтік осал топтарына жататын балалардың тамақтану үшін сандық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Шағын жинақталған және контингенті аз мектептерде (28 мектеп) «Бизнес әмиян» тегін мобильді қосымшасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 182 ваучер тағайындалды, 8968 рет транзакциялар жүргізілді.

Бүгінгі таңда автоматты-бағдарламалық кешен орнату бойынша 3 мектепте (Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (РО), М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ) жұмыстар жүргізілді. 

2025-2026 оқу жылында  ведомствоаралық сараптама тобымен 26 асханаға және 5 мектепшілік интернаттарға  мониторинг жүргізіледі.

         Барлық бұзушылықтар анықталған мектептермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, жауапты мамандарға (медбике мен тамақтануға жауапты мамандарға) ескерту жарияланды, қазіргі таңда барлық  бұзушылықтар жойылды.

Білім беру ұйымдарында медицина қызметкері күн сайын дайын тағамдарды дайындау сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиенасы ережелерін сақтайды. Күн сайын тағамның шығымы, дайындалған тағам көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігі тексеріледі. Апта сайын мектептің тамақтану сапасы жөніндегі мониторингтік комиссиясы мониторинг жүргізеді, өнімдердің сапасын бақылайды, өнімдерді өткізу мерзімдері, тағам дайындау сапасы тексеріледі.  Мәзір "қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық эпидимиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жасалады және "Нұра ауданының білім бөлімі" ММ басшысы бекітеді. Балалар мен жасөспірімдердің рационы оқушылардың физиологиялық нормаларына сәйкес витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерінен құралады.

Мектеп асханалары қажетті жабдықпен жабдықталған Мектеп асханаларында күнделікті азық-түлік сапасына мониторинг жүргізіледі. Мониторинг арнайы ата-аналар комитетінің, мектеп әкімшілігінің және медициналық қызметкердің өкілдері кіретін арнайы құрылған бракеражды комиссиямен жүзеге асырылады. Білім бөлімімен және Тамақтану сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық тобымен үнемі тамақтану сапасына бақылау, мониторинг жүргізіліп отырады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қарастырылмаған.

Газ баллондарын пайдаланатын білім беру ұйымдары жоқ, барлығында электрлі плита.

Білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде ана-аналарға тамақтану жайлы ақпараттар салынып отырады. Нұра ауданы білім бөлімінің сайтында мектептердің тамақтану бойынша мәліметтері «Мектептегі тамақтану» айдарында орналастырылған.