Мектепке жол

Мектепке жол

Нұра ауданының білім беру ұйымдарында 1 тамызынан бастап "Мектепке жол"республикалық акциясы өткізілді.

     Мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. 

“Мектепке жол” республикалық акция шеңберінде  өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетілді. Білім беру ұйымдарына, Нұра ауданы әкімінің аппаратына , ішкі саясат бөліміне, полиция бөліміне, аудандық ауруханаға, ауданның барлық бөлімдеріне “Мектепке жол” республикациялық акция  туралы хат жіберілді. Әр бөлімнен арнайы бір отбасыға көмек көрсетіледі. 

Нұра ауданының 13 мемлекеттік бөлімдерінен 566000 теңге көлемінде 13 көпбалалы отбасыларға , оның ішінде 52 балаға көмек көрсетілді.

Акция шеңберінде Нұра ауданының білім беру ұйымдарынан  1893510 теңге көлемінде 212 балаға мектеп формасы, аяқ киімдер және канцелярлық тауарлар түрінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 3676510 көлемінде 140 балаға қаржылай көмек көрсетілді.  

Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподағынан 1500000 көлемінде 1-ші сыныпқа баратын оқушыларға, барлығы 86 балаға канцелярлық заттар және рюкзактар берілді.

Нұра ауданының білім бөлімінен 46228 теңгеден әр отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 164 отбасы, оның ішінде 400 оқушы қамтылды. Жалпы бөлінген қаражат 14.5 млн. теңгені құрады.  

“Мектепке жол” акцияны ұйымдастыру барысында жеңілдетілген бағамен аудандық 4 жәрмеңке ұйымдастырылды.

“Мектепке жол” республикалық акция шеңберінде ірі көлемде көмек көрсеткен АҚ «Шұбаркөл Көмір»  кәсіподақ үйымы көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға  27 балаға 417000 тг. көлемінде, мектеп сөмкесі мен құрал-жабдықтарын сыйға тартты, әр балаға 17000 тг. Көлемінде, жалпы  615000 тг. қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар Шұбаркөл ауылының тұрғындары мен 11-сынып оқушыларының ата-аналары 1 сыныпқа баратын 29 оқушыға  87000 мың тг. көлемінде  әліппе кітабын сыйға тартты. 

Нұра ЖББМ-нің оқушыларына «Отқанжар» ЖШС  басшысы Асылын Қанатұлы аз қамтылған оқушыларға 210 000 мың теңге көлемінде  ақшалай қөмек көрсетті.

Р.Асубаев атындағы ЖББМ-оқушыларына ЖШС “Черниговский” директоры А.М.Канапин 2200000 көлемінде 44 балаға көмек көрсетілді.          А.Асылбеков атындағы ЖББМ оқушыларына аталған игі шараға мектеп ұжымы, сондай-ақ ауылымыздың жомарт кәсіпкерлері – «ЖК Әділхан», «ЖК Перизат», «ЖК Элиф», «ШҚ Шестернин В.В.», «ШҚ Ержұманов», «ШҚ Ақжол» және басқа да азаматтар демеушілігімен  балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке тарту етті.

ЖШС “Қайнар” директоры С.А.Нығметов  8 балаға 240000 көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Сол сияқты  “Старк” дүкені, ЖШС “Михашонок”, ЖШС “Гульнар” , ФҚ “Липинский”, ФҚ “Мартынюк”, сауда үйі “Аян”, ЖК “Еркеназ”, Allintour шағын кәсіпкерлерінен де балаларға көмек көрсетілді.

Қорыта келгенде, Нұра ауданы бойынша акция шеңберінде барлығы 490 балаға 7636020 көлемінде спонсорлық көмек және мемлекеттік бюджеттен  14.5 млн. теңге көлемінде 400 балаға көмек көрсетілді.