БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН КӘСІБИ ОТБАСЫ

БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН  КӘСІБИ ОТБАСЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ

БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН КӘСІБИ ОТБАСЫ – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1)2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы
  • Жасы 30-дан 63 жасқа дейін
  • Есі дұрыс (құқық және әрекет қабілеттілігі бар) болуы
  • Ата-ана құқықтарынан айырылмаған, шектелмеген, қорғаншылық немесе қамқоршылықтан, бала асырап алудан бас тарту фактілері болмауы
  • Денсаулығы туралы медициналық қорытындының (анықтаманың) болуы
  • Дәстүрлі жыныстық бағдар
  • Соттылығы болмауы
  • Психиатр мен наркологтың қорытындысы
  • Тұрақты тұрғын үйінің болуы
  • Қажетті деңгейде табысы (кірісі) болуы

Тіркелген некеде тұрған адамдар қамқоршылық органына құжаттар топтамасымен бірлескен өтініш береді:

1) Құжаттардың толық болмауы немесе талаптарға сай келмеуі —1 жұмыс күні ішінде қаралып, бас тарту қабылданады.

2) Құжаттар талапқа сай келсе —1 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге шақыру туралы шешім қабылданады.

3) Әңгімелесу — Шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде өткізіледі.(үміткерлердің адамгершілік қасиеттері, міндеттерді атқару қабілеті, ниеттері мен себептері анықталады).

4) Әңгімелесудің теріс нәтижесі — бас тартуға негіз болады.

5) Әңгімелесу оң нәтиже берсе —3 жұмыс күні ішінде тұрмыстық жағдайды тексеру актісі жүргізіледі.

6) Теріс нәтиже берсе —3 жұмыс күні ішінде бас тарту ресімделеді.

7) Оң нәтиже берсе —Психологиялық дайындық курсына жіберіледі.

8) Сертификатты алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде оқуды аяқтағаннан кейін оны қорғаншылық органына жолданады

9) Сертификатты алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде-қорытынды дайындалады

Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі

      1) қорытынды шығару орны және күні; 

      2) қорытындыны шығарған органның атауы;

      3) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде); 

      4) туған жылы;

      5) жынысы;

      6) ұлты;

      7) отбасы жағдайы;

      8) бірге тұратын отбасы мүшелері туралы мәліметтер (ТАӘ (бар болса), туған жылы, туыстық қатынастары); 

      9) тұрғылықты мекен-жайы, 

      10) электрондық пошта, телефон нөмірі;

      11) білімі; 

      12) жұмыс орны, қызметі;

      13) ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін кіріс туралы мәлімет;

      14) азаматтығы; 

      15) әрекет қабілеттілігі;

      16) ата-аналық құқығынан айрылғаны немесе шектелгені туралы мәлімет;

      17) Қазақстан Республикасының Заңымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы және қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің, қабылдаушы ата-ананың міндеттерінен шеттетілгені туралы мәліметтер; 

      18) бала асырап алушының кінәсінен бала асырап алудың күшін жою туралы мәліметтер;

      19) адам баланы қабылдайтын кәсіби отбасына баланы тәрбиелеуге қабылдауға мүмкін болмайтын тізбеге сәйкес денсаулық жағдайы және аурулардың болмауы туралы мәліметтер; 

      20) тұрғын үйдің болуы туралы мәліметтер; 

      21) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтер; 

      22) психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификаттың нөмірі және күні; 

      23) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың нәтижелері;

      24) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ұмтылудың себептері мен мотивтері;

      25) ағымдағы банктік шоттың нөмірі;

      26) қорытынды;

      27) шешім шығарған орган басшының қолы.