🌿Таза Қазақстан” өзімізден басталады! 🌱

🌿Таза Қазақстан” өзімізден басталады! 🌱

«Таза Қазақстан – 2025» акциясы аясында аудан көлемінде көркейту және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы экологиялық акция шеңберінде туған өлкені қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі игі істер қолға алынуда.

Солардың бірі — мектебіміз ұстаздарының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан оқушыларға арналған шағын саябақ. Қазіргі таңда бұл жоба аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Саябақ қолда бар және қайта өңделетін материалдарды пайдалана отырып жасалуда: ағаш бұйымдар, пластикалық бөтелкелер және басқа да экологиялық қауіпсіз заттар қолданылуда. Бұл — ұстаздарымыздың шығармашылығы мен бірлескен еңбегінің нақты жемісі.

🌳 Бұл бастама тек мектеп аумағын көркейту ғана емес, табиғатқа жанашырлықпен қараудың, экологиялық сананы дамытудың жарқын үлгісі.

💚 Себебі таза орта — әрқайсымыздың нақты ісімізден басталады!

#ТазаҚазақстан #ЭкоНұра
#EcoNurinsk
#ЖасылАуыл