Баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу үшін құжаттардың тізімі:
✅Нысан бойынша баламен араласуға байланысты дауды шешу туралы өтінішті және оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмелері;
2) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;
3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
✅ Дауды шешу туралы өтінішті қарау мерзімі органға өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Орган өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бала бірге тұратын ата-анаға және өтініш берушіге өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша, электрондық поштаға немесе телефон нөміріне хабарламаны жолдау арқылы дауды шешу туралы өтінішті қараудың орны, күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Дау өтініш берушінің және бала бірге тұратын ата-ананың қатысуымен шешіледі.
Дау тараптарының бірі келмеген жағдайда, дауды шешу туралы өтінішті қарау мерзімі 3 (үш) жұмыс күніне кейінге қалдырылады.
Дау тараптарының бірінің дәлелді себептерсіз қайта келмеуі дауды шешу туралы өтінішті қарау үшін кедергі болып табылмайды.