2025 жылы 17 шілдеде Қ.Шайменов атындағы ЖББМ-нің мектепалды жазғы лагерінің оқушылары тәрбиешілердің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы "Ұлттық мұражайға " экскурсия ұйымдастырылды.

2025 жылы 17 шілдеде Қ.Шайменов атындағы ЖББМ-нің мектепалды жазғы лагерінің оқушылары тәрбиешілердің ұйымдастыруымен  Астана қаласындағы "Ұлттық мұражайға " экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасымен танысу.

Іс-шара барысы:
Экскурсия аясында балалар мұражайдың тұрақты экспозицияларымен, соның ішінде «Қазақстан тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын залы», «Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан» залдарымен танысты.
Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.