«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындылары

«Мың бала»  ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындылары

28 сәуір күні «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының финалдық кезеңі өтті.

Олимпиадаға 6-сынып оқушысы қатысып, терең білімімен, логикалық ойлау қабілетімен және жаңа жетістіктерге деген ұмтылысымен ерекшеленді. Тестілеу арнайы тестілеу орталықтарының базасында онлайн форматта өткізілді.

Еліміздің ең үздік 1000 оқушысының қатарына:

— Виктория Кузнецова, Қызылжар ауданы, «Пеньков орта мектебі» КММ оқушысы енді.

Викторияны жоғары нәтижесімен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта толағай табыс, өз күшіне сенім және жаңа жеңістер тілейміз!