Білім бөлімі кеңесін өткізу туралы ақпарат

Білім бөлімі кеңесін өткізу туралы ақпарат

29 сәуір 2026 жылы «Бескөл орта мектебі №3» КММ кешенінде аудандық білім беру бөлімінің Кеңес отырысы өткізілді. Іс-шараның практикалық бөлімі аясында мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылып, цифрландыру, этномәдени тәрбие (этно-жәрмеңке), қолданбалы өнер және оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі бағытындағы жетістіктер таныстырылды. Келесі пәндер бойынша ашық сабақтар өткізілді: шетел тілі (7 «А» сынып, мұғалімдер Аукенова А.Н., Мурзанова Б.К.), информатика (6 «А» сынып, мұғалім Әлменова Г.Б.), көркем еңбек (5 «А» сынып, мұғалім Қажымұратов Э.С.), математика (4 «Б» сынып, мұғалімдер Бакаева А.М., Каленова М.Б.).

Сондай-ақ «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Отырыстың пленарлық бөлігінде білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды: Salem Media HUB филиалдарының қызметі, «Талқылайық» бағдарламасын жүзеге асыру, KIBERone білім беру бағдарламаларын енгізу, оқушылардың білім сапасын арттыру, 9–11 сынып түлектерінің қорытынды аттестациясын ұйымдастыру және өткізу, педагогтердің аттестаттау жүйесіндегі кәсіби дамуы, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау.

Кеңес жұмысына «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәкен Роза Сәкенқызы қатысып, Қызылжар ауданы білім беру жүйесінің жай-күйіне жүргізілген кешенді талдау нәтижелерімен таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өткізілді.

Қорытынды бөлімде жазғы кезеңдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындау және өткізу сияқты ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Білім беру бөлімінің басшысы Нұрғалиева А.А. отырыстың қорытындысын шығарды.