
МОДО–2026-ға дайындық шеңберінде оқушыларды тиімді дайындау әдістерін жетілдіру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты — педагогтердің оқушыларды МОДО-ға сапалы дайындау бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинарды аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі ашып, МОДО–2025 қорытындылары және МОДО–2026 өткізу мен ұйымдастыру ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Семинар барысында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (оқу сауаттылығы, қазақ тілі, орыс тілі) өзекті мәселелер қарастырылды. Педагогтер оқушыларды дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, қазақ тілі пәнін оқытудағы заманауи тәсілдерді қолдану тәжірибесін ұсынды.
Семинар аясында «Білім алушыларды МОДО және PISA-ға дайындау жүйесі» тақырыбы кеңінен талқыланып, 4-сынып оқушыларын оқу сауаттылығы бойынша дайындаудың тиімді әдістері ұсынылды.
Математикалық сауаттылық бағыты бойынша білім алушылардың математикалық құзыреттілігін дамыту, МОДО форматындағы тапсырмаларды құрастыру, сондай-ақ цифрландыру жағдайындағы оқыту тәсілдері қарастырылды. Келесі тақырыптар ұсынылды:
«МОДО-ға дайындық барысында математикалық сауаттылықты дамыту»
«Теориядан тәжірибеге: МОДО форматындағы тапсырмаларды құрастыру»
«Математикалық сауаттылық – математикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі»
«Жасанды интеллект дәуіріндегі математикалық сауаттылық: МОДО-ны тәжірибеде іске асыру»
Жаратылыстану-математикалық бағыт (физика, химия, биология, география) бойынша педагогтер оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингке дайындау тәжірибесімен бөлісті. Келесі бағыттар қарастырылды:физика пәні бойынша дайындықтың тиімді әдістері;
химия сабақтарында МОДО және PISA-ға дайындық барысында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту;
биология сабақтарында МОДО тапсырмаларын қолдану және талдау;
география сабақтарында білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру.
Семинар практикалық бағытта өтіп, педагогтер тәжірибе алмасып, тиімді әдістерді талқылап, алдағы жұмыстарға ұсыныстар алды.
Семинар соңында қатысушылар қарастырылған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, білім сапасын арттырудағы бірлескен әдістемелік жұмыстың маңыздылығын көрсетті.