Ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған аудандық семинар

Ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған аудандық семинар

2026 жылы 2 сәуір күні «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ  ұйымдастыруымен «Ағылшын тілін оқытудың өзекті әдістері: цифрлық технологиялар және «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға Қызылжар ауданының орта және негізгі мектептерінен 32-ден астам ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысты. Семинар қатысушыларына ағылшын тілі әдіскері Байгужинова А.И. күн тәртібімен таныстырып, оқу жылындағы басым бағыттарға тоқталды.

Семинар барысында қазіргі білім берудегі өзекті мәселелер, соның ішінде сабақ жоспарлауда жасанды интеллект құралдарын, тиімді платформаларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

Семинар барысында төрт дағдыны, яғни грамматикалық қателерді түзету, тыңдалым мен айтылым дағдыларын жақсарту, бағалау, оқу процесін бақылау және кері байланыс – Narakeet, Mentimeter,Wodwall, Canva, Gemini, ChatGPT қосымшаларымен жұмыс істеу жолдары көрсетілді.

Іс-шара соңында оқу үдерісін жетілдіру, білім сапасын арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану бағытында нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. ✨

Семинар аясында көптеген пайдалы ақпарат пен қызықты идеялар алынды.