«Жарқын болашақ-2026» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi

«Жарқын болашақ-2026» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi

Қызылжар ауданы бойынша «Жарқын болашақ» республикалық «KATEV» қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi 2026 жылы 29 қаңтар күні «№3 Бескөл орта мектебі»  мекемесінде ұйымдастырылды. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алды. Жалпы оқушылар саны  38 қамтыды.

Аудандық олимпиадаға қатысушылар қазақ және орыс тілінде екі топқа бөлініп, олар өздерінің шығармашылық шеберлігі мен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін шыңдап, білгірлер бәйгесі , мәнерлеп оқу  шеберлігі, ән салу, сурет салу және эссе жазу атты бес бағыттары бойынша күш сынады.

«Жарқын болашақ» республикалық  қазақ тiлi олимпиадасының аудандық жеңiмпаздары I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталды. Аудандық кезеңiнiң жеңiмпаз атанған оқушыларымыз Қызылжар ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайды.

 

«Жарқын болашақ» олимпиадасында бес бағыттағы жеңiмпаздарымыз анықталды: