
25 қыркүйек күні «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС-де ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінің салтанатты ашылу сәті өтті. Олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадаға аудан бойынша 34 мектептен 392 оқушы тіркелді. Олимпиада 4 кезең бойынша өтеді. 9-11 сынып оқушылары жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндердің 13 пәні бойынша олимпиада жазады.
Мектеп кезеңінің ашылуына «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ басшысы А.Е.Абдрахманов және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ директоры Б.М. Габдулина қатысты