
Қызылжар ауданында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Lesson Master» (демонстрациялық сабақ) атты аудандық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі форматта өтті.
Байқауға еңбек өтілі 7 жылға дейінгі жас педагогтер қатысып, заманауи талаптарға сай, құрылымы нақты, әдістемелік тұрғыдан сауатты демо-сабақтарын ұсынды. Қатысушылар кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, шығармашылық ізденісін, сондай-ақ тиімді білім беру технологияларын шебер қолдана білетіндігін айқын көрсетті. Аталған байқау тәжірибе алмасуға, үздік педагогикалық идеяларды насихаттауға, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ағылшын тілі пәні мұғалімінің мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Байқауға белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсеткен барлық педагогтерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Шығармашылық шабыттарыңыз артып, кәсіби жолдарыңыз жаңа жетістіктерге толы болсын!
Посмотреть эту публикацию в Instagram