Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: 
*оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; 
*математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 
*өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
 
11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:
*оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; 
*алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; 
*Қазақстан тарихынан тестілеу; 
*өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
 
@edu_news_qz