ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ -2021

ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТАҒЫ  ҰЛТТЫҚ  БІРЫҢҒАЙ  ТЕСТІЛЕУ -2021

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТАҒЫ  ҰЛТТЫҚ  БІРЫҢҒАЙ  ТЕСТІЛЕУ -2021

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) рәсімін электрондық форматқа көшіру жұмыстарын бастады. ҰБТ электронды форматта ағымдағы жылғы наурыз-маусым аралығында өткізіледі.

Наурыз-сәуір айларында ҰБТ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін өткізілетін болады. Ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және 2020 жылғы ҰБТ аясында қабылданған шараларға ұқсас шараларды қабылдай отырып жүргізіледі.

Жезқазған қаласында ҰБТ 2021 жылдың 15 наурызы мен 10 сәуір аралығында Байқоңыров көшесі, 123 А ғимаратында (индустриальды-гуманитарлық колледж ғимаратының 3 қабатында) арнайы ҰБТ өткізу базасында өтетін болады. Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде 2 метр арақашықтық сақталатын болады.